Тексеруден кейін. Алматыда 7 көлік жуу орны сусыз қалды

260
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tZUoMf8PDrc1oB8FrtN4ZAkvaouTmQu6pp8ph13m.jpg

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы жеті көлік жуу орны суды қайта пайдалану жүйесіне арналған жабдықтың болмауына байланысты уақытша сусыз қалды. Бұл заңбұзушылық 60 нысанды тексеру барысында анықталған. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматы Су» компаниясының мәліметінше, тексерілген көлік жуу орындарының шамамен 90 пайызы айналымды сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Мұндай жабдық пайдаланылған суды тазартып, оны қайта қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде су шығыны айтарлықтай азаяды.

Алайда жеті нысанда қажетті жабдықтың жоқтығы анықталған. Осыған байланысты аталған орындарға су беру уақытша тоқтатылған.

«Қажетті жабдық орнатылып, оның жұмысы тексерілгеннен кейін ғана су беру қайта қалпына келтіріледі», – деп хабарлады әкімдік.

Алматының барлық ауданында тексеру жұмыстары жалғасады. Коммуналдық қызметтер су құбыры желілеріне заңсыз қосылу деректерін анықтауға ерекше назар аудармақ.

Пікірлер