Ержан Жүнісов жаңа қызметке тағайындалды

82
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oYyFqOoVlBI5XTlsCwN890GUMOJiVzzs4ECYWA2U.webp

Almaty Aqparat медиахолдингінің жаңа басшысы болып журналист Ержан Жүнісов тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Азиз Қажденбек медиахолдинг ұжымына жаңа жетекшіні таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Ержан Жүнісов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Кейін Ыстанбұл қаласындағы Мармара университетінде магистратураны тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 2006 жылы «Хабар» агенттігінде бастаған. Осы жылдар ішінде редактор, тележүргізуші және продюсер қызметтерін атқарған. 2013–2018 жылдары Түркияда «Хабар» агенттігі мен «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.

Одан кейін «Қазақ радиолары» ЖШС басшылығы құрамында қызмет етіп, Orda FM радиосының бас директоры лауазымын атқарған.

2021 жылдың ақпанында Elorda Aqparat ЖШС директоры болып тағайындалған.

Almaty Aqparat медиахолдингіне келгенге дейін Ержан Жүнісов «31 арнада» ақпараттық бағдарламалар директоры қызметін атқарып, «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасының жұмысына жетекшілік еткен.

Пікірлер