Ұлытау облысында сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыттың іргетасына капсула салынды

146
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IREOcfTGIy8X51FS3lHt36BMG6tFbf1qWXhYAPhB.jpg

Талап ауылында сұйытылған табиғи газ өндіретін болашақ зауыттың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Инвестициялық жобаны «Ulytau Sepmem Energy» ЖШС (CHENGDU SEPMEM ENERGY LTD) жүзеге асыруда. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 80 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев жаңа өндіріс орнының өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Аталған жобаны іске асыру облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, газ инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Нұртас Кәріпбаев.

Жоба Ұлытау облысының әкімдігі мен инвестор арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

Пікірлер