Ақтаудағы Зияткерлік мектеп директоры лауазымына Ринат Жұмабаев тағайындалды

4856
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/ca56b354-7d48-428a-a24f-f7476bab31b3.jpeg
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Азамат Жанкеев Ақтаудағы NIS ұжымын жаңа басшы – Ринат Жұмабаевпен таныстырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ринат Нұрланұлы Қазақ ұлттық университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді, «Болашақ» бағдарламасымен HAMK University ofApplied Sciences-тен (Финляндия) бір жылдық ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде он жылдан астам уақыт жұмыс істейді: 2009 жылы конкурстық іріктеу арқылы Семей қаласына математика пәнінің мұғалімі болып қабылданды, кейін директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, сондай-ақ Ақтаудағы бейіндік-эксперименттік жұмыс бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектепті басқарды. Азамат Жанкеев Ақтаудағы педагогикалықұжымды екі жыл басқарған Әсел Бейсембинованыңжетістіктерін атап өтті.

”Адырна” ұлттық порталы 

 
Пікірлер