Астаналық оқушы The New York Times эссе байқауында жеңімпаз атанды

1360
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7YgQLV3ftQp3YieHBdwmGPbJt3VnsHkDtSyJoNEX.jpg

Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Фариза Фазыл америкалық The New York Times басылымы жариялаған Open Letter Contest халықаралық эссе байқауында әлем бойынша үздік 10 автордың қатарына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

Фариза Фазыл байқауға қазақтардағы қыз балаға ат қою дәстүрі туралы эссе ұсынған. Ол жазбасында "Ұлтуған" есімді қыздарға үн қатып, ұл баланы аңсап дүниеге келген қыздарға тағылған есімдердің артындағы әлеуметтік және психологиялық мәнді қозғайды.

"Олар сені солай атады. Сені алғаш құшақтаған кезде соны аңсады. Сені емес. Басқаны. Және бәрібір сен қалдың. Сен олардың көңілін қалдырған ауыртпалықты үнсіз мейіріммен көтеруді үйрендің..." — деп жазды жас автор.

Batyrjamal инстаграм парақшасында жарияланған сұхбатында Фариза бұл тақырыпты таңдауға отбасы, тарих және қоғамда кең таралған гендерлік көзқарастар себеп болғанын атап өтті.

"Бауыржан Момышұлының әжесінің есімі Қызтумас болғанын естідім. Мұндай есімдер отбасының ұл балаға деген үмітін білдіреді. Егер менде сондай ат болса, оны өзгертер едім. Бұл мені ойландырды, әрі осы тақырыпты таңдауға түрткі болды", — деді оқушы.

Пікірлер