“Партия құрмақпын”: Динара Сәтжан желіде мәлімдеме жасады

1630
Adyrna.kz Telegram

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан алдағы уақытта өз партиясын құруды жоспарлап жүргенін айтты. Динара Сәтжан партия құруға қатысты өз пікірін Instagram желісінде жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

БАҚ өкілі партияның құрамына тек қана әйелдерді ғанан қабылдамақ.

Ол бұл тақырып аясында ойланып жүргенін жасырмады.

“Трендтен қалыспас үшінмен де партия құрмақпын. Бастамашыл топта мыңнан астам адам болуы шарт екен. Сол құрам съезге де бару керек. Мен рационалды адаммын. Алдымен дауыс беріп алайық. Менің партияма кімдер келер еді? Бірден айтайын, құрамына тек қана әйелдер кіреді”, – деп жазды тележүргізуші.

Динара Сатжанның жанкүйерлері оған қолдау білдіріп, оның партиясына мүше болғысы келетінін жарыса жазды

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер