Белгілі заңгерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатыр

3127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/4be1610c-f009-40b3-b631-eb0929eac5d1-960x500.jpeg?token=1feeadc4d3713cfc0f6fd5c60c5479a7
Алматыда белгілі заңгер Айман Асанованы өлтірген күдікті анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді азамат іздеуде екендігін растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Пікірлер