Астанадағы ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко арасында қызық диалог болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Кездесу барысында Лукашенко: «Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз Бас хатшыны сайладық, бірақ сіз неге оны жарияламадыңыз?»—деп сұрайды.Тоқаев бұған бірден жауап береді.
«Александр Григорьевич, төрағаны сынау сүйікті кәсібіңізге айналып кеткен бе?»—дейді ол.Бұдан әрі Қасым-Жомарт Кемелұлы ТМД-ның атқарушы хатшысы лауазымы не себепті «ТМД-ның бас хатшысы» деп өзгертілгенін түсіндірді. https://youtu.be/K7b_lHmt_so