“Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? “: Депутат азық-түлік бағасын реттеуді сұрады

4449
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/11966bbf-c575-48dc-97cc-6b1445190b23.jpeg

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев үкіметке депутаттық сауалын жолдап, азық-түлік бағасын реттеуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Онда ол азық-түлік өнімдері бағасының өсуі – жиі көтерілетін мәселе екенін, халық бұл мәселенің шешілетініне тіпті сенбейтінін айтты. Депутат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу жөнінде жедел шаралар қабылдауды сұрады.

“Халық азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейді… Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешу керегін білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар. Соңында өңірлер кінәлі деп жаба салмаңыздар!”,- деді ол.

Пікірлер