Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев үкіметке депутаттық сауалын жолдап, азық-түлік бағасын реттеуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Онда ол азық-түлік өнімдері бағасының өсуі – жиі көтерілетін мәселе екенін, халық бұл мәселенің шешілетініне тіпті сенбейтінін айтты. Депутат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу жөнінде жедел шаралар қабылдауды сұрады.
“Халық азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейді… Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешу керегін білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар. Соңында өңірлер кінәлі деп жаба салмаңыздар!”,- деді ол.
Related news
KANAT AITBAYEV: In many “films,” there is no meaning, substance, moral lessons, or literary language at all