Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Украина басшысы Тоқаевты құттықтай отырып, қиын кезеңде көмек білдіргеніне алғыс білдірді.
"Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан президентін мерзімінен бұрын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтадым. Қазақстаннан гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіремін", – деп жазды Зеленский өзінің Twitter-де.
Сондай-ақ, Украина президенті елдер екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды
