Беларусьтен кетіп бара жатқан McDonald's-тың орнын Беларусь кәсіпорындары мен өндірушілері басуы керек. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко агроөнеркәсіптік кешен басшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Ах, McDonald's кетіп бара жатыр. Менің ойымша: Құдайға шүкір, ең болмағанда кетіп бара жатыр! Бірақ біздің адамдар жұмыс істейтін, біздің мамандарымыз жұмыс істейтін біздің тауарларды тұтынатын жерде белорустар тұруы керек.
Осы McDonald's істегенді, егер біреуге қажет болса, біз өзіміз де істеуіміз керек, тіпті одан да жақсы етіп істейміз. Тоқашты екіге бөліп, осы екі бөлікке ет, картоп, салат жапырағын сала алмай ма? Мұндайды кім жейді?», - деді Александр Лукашенко.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгінгі күннің жақсы жаңалығы осы болды. Ананы шетел президенттерімен мемлекет атынан сөйлестіріп қоя бермей, баяғыдан солай ету керек еді.