Бүгін, 26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде.Еске салайық, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президентін сайлаудың ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
Ұқсас жаңалықтар
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды
