«Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов олардың алдына қандай мақсаттар қойғанын айтты
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «Жастар рухы» партиясы жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен диалог алаңы өтті. Алматыдағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов Президент өз Жолдауында өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
ӨКҚ баспасөз-конференциясында Әкежан Кеңесов «Аманат» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде жаңа бағдарлама қабылдап, орталық кеңестің құрамын, «Жас Отан» атауын өзгерткені туралы еске салды.
«Рух» ұғымы халқымыз үшін қасиетті құндылықтар екенін айта кеткен жөн. Бұл атаудың мағынасы өте терең, үлкен жауапкершілік жүктейді. «Аманат» партиясының жастар қанатының трансформациясы жай ғана атауды өзгерту емес. Жаңғыру үдерісіндегі жастардың ерекше рөлін көрсететін, құндылықтар мен ұстанымдарды айқындайтын жаңа Жастар бағдарламасы қабылданды. Біздің белсенділер Мемлекет басшысының реформаларын қолдап, еліміздің барша жастарының басын біріктіреді», – деді Әкежан Кеңесов.
«Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, Әділетті Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады.
Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, ал болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек. Мемлекет басшысының айтуынша, білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді», – деді Әкежан Кеңесов.
Активист сөзін жалғастыра отырып, ел үшін тірек болу – әрбір жастың идеалы екенін айтты. Қазақстан жастардан жаңа бастамалар мен озық идеяларды күтеді.
Мемлекет басшысының дәйексөздерін келтіре отырып, алматылықтардың жас көшбасшысы өз ана тілін, ата-бабаларының дәстүрлерін және туған тарихын зерделеуге шақырды. Сондай-ақ, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов олардың алдына қандай мақсаттар қойғанын айтты. Атап айтқанда, жастар проблемаларының өңірлік карталары енгізіледі, дарынды жастар үшін жобалар жәрмеңкелері және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Жолдау тақырыбына қайта орала отырып, Әкежан Кеңесов Президенттің жастар жұмыссыздығына қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы, атап айтқанда кәсіпкерлікті қолдау арқылы шараға назар аударды. Мемлекет басшысы жастарға жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген несие берілетінін мәлімдеді. Енді Жастар бастамаларының арқасында Қазақстандағы шағын бизнес жаңа деңгейге шығады.