Франция Мұхтар Әблязовқа саяси босқын мәртебесін беруден бас тартты

3900
Adyrna.kz Telegram

Франция Мұхтар Әблязовқа саяси босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл туралы Францияның босқындар құқығы жөніндегі ұлттық соты (CNDA) хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Сот шешіміне сәйкес Мұхтар Әбілязовтың адвокаттары - Пикуа мен Кәрім Бейлунидің Францияның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау басқармасының (OFPRA) 2018 жылғы сотты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне қарсы аппеляциялық шағымын қабылдамай, Аблязовқа саяси босқын мәртебесін беруден бас тартты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер