Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Ашылу салтанатынан фотолар Qazaqstan телеарнасының Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Кешеннің ашылуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Мемориал қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта, Сәтбаев көшесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.