- Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды, - деді қытай мамандары.
Дегенмен, Қытай билігі індеттің таралуы мен шетелде өршуін не азаюын ұдайы бақылауда ұстамақ. Халыққа арналған сақтандыру іс-шаралары жалғасын табады. Себебі медиацина қаласындағы шаруа шаш етектен.
Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды.
2020 жылдың 20 қаңтарында Қытай билігі дәрігерлер вирустың адамдар арасында таралу қабілетін анықтағаннан кейін COVID-19-ны В класты жұқпалы ауруға жатқызды. Бұл - АИТВ, вирустық гепатит және H7N9 құс тұмауын қамтитын класс. Алайда сол кезде ҚХР басшылығы COVID-19-ды бубонды оба және тырысқақпен қатар қоя отырып, А санатындағы ауру ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді.
Денсаулық сақтау сарапшылары менеджмент деңгейін төмендету COVID-19 бақылауынан толығымен бас тартумен бірдей емес деп санайды.
"Адырна" ұлттық порталы