Жәмила Бақбергенова Азияның үздік балуаны атанды

5539
Adyrna.kz Telegram

Азия бірлескен күрес әлемі (UWW Asia) 2022 жылдың үздік балуандарын анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Әйелдер күресі аталымы бойынша Азияның үздік балуаны атанды.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Ж.Бақбергенова сондай-ақ жуырда Қазақстан бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, қырғызстандық Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен үздік шықты. Ал жапониялық Таиси Нарикуни еркін күрестен үздік деп танылды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер