Путин Украинаға танк жеткізушілерге Ресейден «жауап болатынын» айтты (ВИДЕО)

4906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/f83e3344-46c2-4434-82ad-855fd2ea3de4.jpeg
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға батыс танктерін жеткізушілерге «жауап болатынын» мәлімдеді. Айтуынша, «іс броньды техниканы қолданумен бітпейді». Бұл туралы ол Сталинград шайқасындағы жеңістің 80 жылдығына арналған кеште сөйлеген сөзінде атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Басшы «Батыстың ұжымдық агрессиясына» қарсы тұру ниеті барын айтты.
«Бізді тағы да бортында кресттері бар немістің "Леопард" танкілерімен қорқытуда. Олар Украина жерінде бандерашылдардың қолымен Ресейге қарсы тағы соғысқысы келеді. Өз танктерімізді Украинаға көмектесушілердің шекараларына жібермейміз, бірақ бізде жауап беретін көп нәрсе бар»,— деді президент. https://youtu.be/7IlD8NmYLIc
Пікірлер