Көлік терезесінен түсірілген бейнедеректен қос алып құйынды [торнадо] көруге болады. Жолаушы Киотоға бара жатқан жерінен қос құйынға көз тіккен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "BBC"-ға сілтеме көрсете отырып.
Жолаушы АҚШ-тың Айова штатындадағы Киотоға апаратын жол жиегінде алып құйынды көреді. Қуаты қарқынды құйынға қатысты бейнедерек әлем ақпарат кеңістігін шарлап кетті.
Қазір ауа райының күрт құбылуына байланысты АҚШ-тың бірнеше штатында бұрқасын болатыны хабарланып отыр. Табиғаттың мұндай тосын құбылыстары құрлықтың шығыс тарапын бетке алып, жоғары қарқынмен жылжып келеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.