Талибанға қарсы. Ауғанстанда әйелдер митингке шықты

3514
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/92ba505e-13d5-454f-8c28-38e240a379b2.jpeg
Ауғанстанда бір топ әйел тәліптердің билігін мойындамауды талап етіп, наразылық акциясына шықты. Бұл туралы Euronews арнасына жариялады, деп хабарлайды *Адырна” тілшісі.
Кабулда (ел астанасы) наразылық шерулері өтті. Демонстрация БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша шақырылған халықаралық жиыны қарсаңында өтіп жатқаны атап өтілді. Қатысушылар 2021 жылы билікке келген Талибанға қарсылық танытты. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, ауғандық әйелдердің оннан тоғызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Күйеуі нашақор болған немесе елден кеткен жағдайда ғана ажырасуға рұқсат етіледі.  
Пікірлер