Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталғанын мәлімдеді. Айтуынша, министрлік оқиға болған сәттен Ішкі істер органдарымен байланысып, мәселенің мән-жайын білген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын»,—деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Киевтің орталығында Путин емес, мен болдым». Байден президенттік мерзімінің нәтижелерін қорытындылады