Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының тәулік бойы жұмыс істейтіндігі хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
- Қазақстанда алғаш рет! Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, Қазақстан Республикасының Перезиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыруда. 2023 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы тәулік бойы жұмыс істейді! - деп хабарлады кітапхана әкімшілігі.Сонымен қатар, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Q-PLANET» ағылшыл тілі клубы, «Білгім келеді» танымдық клубы, «LIB-MOVIE» кино кеші сынды қызықты үйірмелер бар. Мұнымен қоса, жас талапкерлер сейсенбі мен сенбі күндері математика пәнінен тегін курс ала алады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Бетпақ жеңді, бейшара көнді". Алматыда қазақша емес, аралас мектеп ашқандарға ата-аналар наразылық білдірді