Костенко атындағы шахтадан қырық бесінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қарағанды облысындағы аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.
Соңғы деректер бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.
Апаттың болжамды эпицентрін анықтау мақсатында тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.
Министрлік таратқан хабарламада:
Ұқсас жаңалықтар
Министрлік таратқан хабарламада:
"Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда",-делінген.Қазір көзге көрінетін жану ошақтары жоқ әрі газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, министр аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.