“АрселорМиттал” компаниясының акциялары Қарағанды облысы Костенко кенішіндегі апаттан және активтерді Қазақстандағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на беру туралы ақпараттан кейін құлдырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталя ҚазТАГ-қа сілтеп.
Дүйсенбіде Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (AMT) акцияларын мемлекет меншігіне өткізгенін жариялағаннан кейін Амстердам қор биржасында ArcelorMittal акциялары 5,5%-ға арзандады.
Өткен жұма, 27 қазанда баға бір бағалы қағаз үшін 21,07 еуроны құрады. Дүйсенбі, 30 қазан, Астана уақыты бойынша 14:52 – баға 19,9 еуроны құрады.
Айта кетейік, Лакшми Миттал - әлемдегі ең ірі болат компанияларының бірі ArcelorMittal компаниясының басшысы және “ArcelorMittal Теміртау” -дың негізгі инвесторы.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасының ұзын қабырғасында метан газы жарылды. Соққы толқынының таралу диапазоны 2 км-ден астам болды. Қаза болған 46 кеншінің барлығының денесі табылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Қарағанды облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеді. Тоқаев АМТ басқаруды Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Вадим Басинге тапсырды.
Қазақстанда Лакшми Митталдың жауапқа тартылуын талап еткен петиция басталды.