Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі өзгереді

3480
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5374.jpeg
1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Qyzylorda телеарнасына сілтеме жасап. Енді тұрғындарға шаһарға кіріп-шығу үшін алдын ала рұқсат алып, құжат тапсырмайды.
«Белгіленген тәртіп бойынша Байқоңырға қонаққа немесе іс-сапарға келетін кез келген адам 10 күн бұрын өтініш беруі керек. Келісімге өзгеріс енгізілді. Ұзақ уақыт зерттеуден кейін шешім қабылданды. Пилоттық режимде 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан азаматтарына өткізу пунктінде рұқсаттамалар беріледі»,—деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары және президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай.
Айта кетейік, Байқоңыр – Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген қазақстандық қала. Қалаға кіріп-шығудың да өз тәртібі бар. Қала аумағына плиталар, жан-жағына бейнекамералар қойылған. Қолданыстағы мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, «Байқоңыр» кешені (оның құрамына ғарыш айлағы мен қала кіреді) 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілді.
Пікірлер