Қазақстан мен Катар әскери ынтымақтастықты жоспарлап отыр

3197
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/voennye-katara.jpg
Қазақстан мен Катар билігі әскери келісімге қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қазақстан мен Катар әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ. Үкімет қаулысының жобасында: "Үкімет пен Катар мемлекетінің үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", – делінген. 2022 жылы 12-13 қазанда Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстанға ресми іс-сапармен келген болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша келісім жүзеге асырылады. Келісім шеңберінде бірнеше шараларды іске асыру жоспарлануда:
  • Әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау;
  • Әскери медицина;
  • Әскери ғылым;
  • Әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
  • Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар;
  • Жауынгерлік даярлық;
  • Тараптар өзара келіскен ынтымақтастықтың өзге де салалары.
Еске сала кетейік, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Катар Әмірінің сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Катардың Таяу Шығыстағы ҚР-ның ең маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Пікірлер