Қазақстан мен Ұлыбритания сауда айналымы 1,8 млрд доллар. Президент мемлекеттік министрді қабылдады

3136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/e1eadd5e-8561-4cd9-9129-257a9270808c.jpeg

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның бизнес және сауда істері бойынша мемлекеттік министрі Нусрат Ғаниді қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ғанимен кездесіп, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 550-ден астам британдық кәсіпорын, олардың арасында Shell және Ernst & Young сияқты жетекші компаниялар бар. Ал екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы жылы 60%-ға артып, 1,8 миллиард долларды құраған.
Біз Лондонмен сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге мүдделіміз. Британдық тараптың да Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ниет танытып отырғанын ерекше атап өткім келеді, – деді Президент.
Өз кезегінде Нусрат Ғани құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ризашылығын білдіріп, Ұлыбритания тарапы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер