Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бақылаусыз жүріп келе жатқан жолаушыларға толы автобусты тоқтатқан 8-сынып оқушысын марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада 219-автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, талып қалған еді. Қоғамдық көлікте болған жасөспірім Ақжол Герой тез қимылдап, тежегішті басып үлгерген.
Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.
«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жасқа үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», - деді әкім.
Сондай-ақ Сұлтанғазиев бұл іс ерлік пен батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін атап өтті.