Қостанайда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы “Наш Костанай” басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«30 қараша күні сағат 12:50-де Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады. Салонда 49 жастағы кран машинисі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция департаменті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кранның құлау себебі анықталуда. “Наша газетаның” хабарлауынша, көрші үй тұрғынының көлігі зақымданған.