Кісі өлімі. Шымкентте 28 жастағы тұрғынның мәйіті өз пәтерінен табылды

3225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/temirtor.jpg
Шымкентте 28 жастағы тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеп. Басылымның хабарлауынша, ер адамның мүрдесін анасы тапқан. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі 1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйелдің қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты.
"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полицейлердің айтуынша, бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Қазір адам өлтірді деген күдіктке ілінген азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне орай күдікті туралы мәліметтерді әзірге жария етпейтінін айтты.
Пікірлер