Саусақпен сезеді. Tesla адам тәрізді роботты таныстырды

2672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/tesla-robottary.jpg
Tesla өзінің адам тәріздес гуманоидты роботының жаңа буыны "Optimus Gen 2"-ді таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Optimus Gen 2 деп аталатын робот адам өміріне қауіпті тапсырмаларды орындай алады. Жаңа прототип бұрынғы нұсқасына қарағанда 30%-ға жылдамырақ жүре алады. Оның салмағы 10 кг-ға жеңілдеген. Optimus Gen 2 қолдарымен еркін қимылдап, тіпті әуенге билей алатыны көрсетілген. Роботтың басты артықшылығы - оның саусақтары. Ол саусақтары арқылы тіпті жұмыртқа сынды ең кішкентай әрі нәзік заттарды да сындырмай ұстай алады. Осыдан кейін Tesla гуманоидты роботтарды оқыту үшін арнайы қызметкерлерді жалдамақ.
Пікірлер