Кения экологтары Орталық Азияның қақ ортасынан – Алматыдан ұшқан тірі қарлығашты тапқанын айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Біз жаңа ғана Нгулияда «Қазақстан. Алматы» Бұл шамамен 6000 км! Сериялық нөмірі L31677» деп жазылған сақинасы бар жас қарлығашты ұстадық. Мен егжей-тегжейлі бөлісуді асыға күтемін!» деп жазған A Rocha Kenya қорының экологтары.
Мысалы, Қазақстанның қырандары Меккеде қыстай алса, қоқиқаздар Ауғанстан мен Египетке ұшады. Ал қолға әрең сыйатын кішкентай қарлығаштың жер шарының жартысын ұшып өтуі керемет көрінеді.