Алматыда бір топ адамды қағып кеткен автобустың видеосы тарады

2584
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық полиция департаменті 47-автобустың бір топ адамды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады. Қайғылы оқиға бүгін, сағат 18:15-те болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың баспасөз қызметі қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын жазды.

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

«Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы(бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан  айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды»,—делінген хабарламада.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер