Ғалымдар Алматыдағы ауаны тазартудың әдісін тапты

1153
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын зиянды заттардан тазартудың инновациялық әдісін тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының экологиясы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған жоба осы көктемгі маусымда университеттің қаржыландыруының арқасында ғылыми-өндірістік кезеңге өтеді.

Жоба жетекшісі, генетик Асқар Калекешов зерттеудің бірінші кезеңі зиянды заттарды тиімді сіңіре алатын өсімдіктерді өсіру болатынын айтты. Содан кейін бұл өсімдіктер Алматының тығыз қоныстанған аудандарында, жергілікті билікпен алдын ала келісілгеннен кейін орналастырылады.

"Біз өсімдіктерден ауаны тиімді сүзіп, оның сапасын жақсарта алатын жасыл аралдар құруды жоспарлап отырмыз. Бұл тәсіл тиімді ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза, өйткені өсімдіктер табиғи сүзгілер бола отырып, қоршаған ортаның жағдайын едәуір жақсарта алады", - деп атап өтті ғалым.

Ғылыми зерттеулер Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан Колди агробиостанциясының базасында жүргізілетін болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер