Астана әуежайында 11 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Астанадан Алматы, Жезқазған және Түркістан қалаларына ұшуы тиіс 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылған.
Елордадағы әуежай қызметкерлерінің мәліметінше, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес. Керісінше, бас қалада ұшу және қону үшін ауа райы қолайлы. Әуе айлағындағы ауа температурасы -18 градус. Желдің жылдамдығы – 12м/с.
Айта кетейік, Қарағанды әуежайының уақытша жабылғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Шетелдік БАҚ: "Блинкен Қазақ еліне еріккеннен келген жоқ, Украина соғысының көлеңкелі тұстарын көру үшін келді"
Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 100 шақырымға жуық су құбыры тартылады
