Көлік жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, мерт қылды

1036
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде 12 жасар мектеп оқушысын қағып, қашып кеткен көліктің видеосы пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін Қарағандыда сағат 08:00 шамасында 51 жастағы Toyota жүргізушісі Аманжолов көшесімен келе жатқан. Желіде тарап жатқан кадрлардан оқушының жол ережесін сақтай отырып, зебра өткелінен жолды кесіп өтпек болғанын көруге болады. Бейнежазбада жүргізуші баланы көлікпен соққаннан кейін бірден тоқтай алмай, көлік баланы бірнеше метрге сүйреп кеткен. Артынша жүргізушінің қашып кеткен сәті көрсетілген.

“Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің хабарламасында.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқушының ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлер барлық реанимациялық шараларды жүргізген, бірақ нәтиже болмады.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер