"Жазаға тартылуын талап етеміз". Желтоқсаншылар ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді

1098
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Алматыда желтоқсаншылар ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Тәуелсіздік таңы" монументінің алдына жиналғандар ең әуелі алаңды тазалау мақсатында адыраспанды түтетіп, аластады. Желтоқсаншылар талап-тілектерін айтты.

“1986 желтоқсан көтерілісінің күрескерлері елімізде тамырын жайып, өркендеп бара жатқан, қазақ ұлтының бүгіні мен болашағына қатер төндіретін ЛГБТ топтарының қауіпті, арсыз әрекеттеріне мемлекет тарапынан арнайы заң қабылданып, тыйым салынғанын және жазаға тартылуын талап етеміз!”, – деді "Желтоқсан 86" қоғамдық қозғалысының атынан сөйлеген Гүлбахрам Жүніс.

Сондай-ақ белсенділер 8 наурыз мерекесіне орай митинг пен шерулерге рұқсат берілмеуін талап етті.

“Бұл акция қазақ қоғамы қаншалықты бөлінгенін көрсетеді. Бұл жерді аластау үшін адыраспан да әкеліпті. Мен енді осы жерге күн сайын келіп тұруға уәде беремін. Маған –Қазақстан азаматына, қазақ қызына туған жерімде қалаған жеріме баруыма ешкім тыйым сала алмайды”, – деді белсенді Жанар Секербаева.

Пікірлер