Астанада цирк ғимаратының жанында автокөлік өртенді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, 18 ақпан күні сағат 10:41-де өрт сөндіру бөлімшесіне көліктің жанғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Renault Duster көлігінің қозғалтқыш бөлімі жанып тұрғаны анықталды. Өрт 10:51-де оқшауланып, 11:03 - те жойылды", - делінген департамент хабарламасында.Өртті сөндіруге жеке құрамнан бес адам және Астана ТЖ департаментінің бір техника бірлігі жұмылдырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қытай Шығыс Түркістанда су бөгеттерін салуда. Бұл біздің аумағымыздағы Іле пен Ертістің су деңгейін түсіруде.