Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады.
Парақшада 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған. Ол сайтта пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс. Ал алаяқтар оны өз пайдасына пайдалануы мүмкін.
Құзырлы орган ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ екенін айтады.