Павлодар облысында балықшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

1000
Adyrna.kz Telegram
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Павлодар облысында жоғалған балықшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«19 ақпанда Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған ер адам жоғалып кетті. Ол қарда жүретін көлікке отырып, балық аулауға шыққан. Алайда үйіне оралмаған», - деп жазылған хабарламада.

Балықшыны іздеуге ТЖМ-ның тікұшағы, құтқарушылар, кинологтар мен полиция, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 шақырым жерден жоғалған ер адамның денесі табылды», – деп жазылған хабарламада.

Пікірлер