Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шейх Мишаал әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабахты және барша Кувейт халқын ұлттық мереке – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін", - делінген құттықтау жеделхатында. Тоқаев Кувейт Әмірінің қызметтіне табыс, ал бауырлас Кувейт халқына береке мен гүлденуін тіледі."Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қосарланған билікке" құштарлық қатері жойылса да, Тоқаевтың президенттік билігі мен жеке басына төнген қауіп түбегейлі қайтқан жоқ
"Бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды". Президент қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
