Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

3430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/avtobus-960x500.jpeg?token=664a3cbf9dffa9c86e77d5eab34fa9cc
Бүгін Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9:00-де Алатау ауданында Бекболат және Жаңа құрылыс көшелері қиылысында болған. 75 және 102 бағытындағы екі автобус соқтығысқан»,- деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, оқиға салдарынан 6 адам зардап шеккен. Мәлімет бойынша, 75-автобустың жүргізушісі қашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды отырғызып, түсіріп жатқан 102-автобуспен соқтығысқан.  
Пікірлер