Бүгін Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9:00-де Алатау ауданында Бекболат және Жаңа құрылыс көшелері қиылысында болған. 75 және 102 бағытындағы екі автобус соқтығысқан»,- деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, оқиға салдарынан 6 адам зардап шеккен.
Мәлімет бойынша, 75-автобустың жүргізушісі қашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды отырғызып, түсіріп жатқан 102-автобуспен соқтығысқан.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
A presentation of books published within the framework of the "New Kazakh Literature" project was held in Almaty
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
