Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы ТЖМ-ның телеграм арнасында жарияланды.
"Елордалық өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақты шарпыған жатақханадағы өртті сөндіруде", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 06:07-де толықтай жойды. Сондай-ақ төтеншеліктер үш адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Елорданың жылу электр стансасын - заңгер, жылу транзитін - агроном, қалалық су арнасы мекемесін зоотехник басқарады.
