Ақмола облысының Бурабай ауданында балабақша тәрбиеленушісі кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, келеңсіз жағдай бүгін, мамырдың 6-сында болған.
«Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Бурабайда велосипедпен ағашқа соғылған турист бала көз жұмғанын хабарлаған едік. Ұқсас жаңалықтар
Радикалдар балабақша мен мектептегі балаларымыздың да миын улауға мықтап кіріскен. Депутаттар дін жайын сөз етті