Зардап шеккен бар. Астанада жатақхана өртенді

1671
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/c7b32200-b04f-48cf-97e0-d16bf8819778.jpeg
Астана қаласы Сарыарқа ауданында 16 маусым күні кешкісін жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты. Төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Нақтыланған ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанды. Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. “Бүгін түнде Сарыарқа ауданында жатақханаға жабдықталған екі қабатты тұрғын үйдің және оның жанына салынған бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының өртенуі орын алды”, делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер 150 ш.м.болатын жану алаңын  толығымен сөндірді. 
Пікірлер