"Көңіл сыйса..." Бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген астаналық сотталды

1519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/6f7a8c5f3f27bdce8bc823c39a4876fd.jpg
Елордада «резеңке» пәтердің иесі сотталды. Жалпы ауданы 35,7 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерге 937 адам тіркеуге тұрған, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Астана прокуратурасына сілтеме жасап. Жағдайға байланысты "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" (ҚК 394-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушының заңсыз көші-қонды ұйымдастырудағы кінәсін тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы дәлелдеді. Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді», - деді қадағалау органы. Осы баптың санкциясы бойынша 2000 АЕК (2024 жылы 7 384 000 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді; алты жүз сағатқа дейін мүлкін тәркілей отырып қоғамдық жұмыстарға тарту; немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.
Пікірлер