Олимпиадада күміске ие болған қазақ спортшысына қанша сыйақы беріледі?

2965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7386-960x500.jpeg?token=48d5cf992be907d05603043b6a8853bc
Париж олимпиадасында тарихи жүлдеге ие болған Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп. Заңға сәйкес олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар берілетіні мәлім болды. Ол ел ақшасына шашқанда шамамен 71 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Айта кетейік, қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында қарсыластарынан басым болып, 2-ші орынға жайғасқан.
Пікірлер