Қостанай облысы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды

3538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6910-960x500.jpeg?token=35a59de02628067a0f6a2b8725c7fd20
16 тамыз күні, түнгі уақытта Қостанай облысының Новонежинка ауылында екі жүк көлігі мен бір жолаушы көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қостанайлық құтқарушы оқиға орнына жақын жерде болып, зардап шеккендерге дереу көмектескен. «Оқиғаның куәгері Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Аслан Байгөбенов апаттан үш адамды, оның ішінде бір баланы құтқаруға көмектесті», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Зардап шеккендер жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізілгені хабарланды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ДЧС Костанайской области (@qostanai_tjd)

   
Пікірлер